Кейбір көшбасшылардың дамуында шектеулер бар. Бұл шектеулер көшбасшының жоғары лауазымдарға көтерілуіне немесе оның қазіргі лауазымында жақсы жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Төменде көшбасшылықта шектеулері бар ойдан шығарылған көшбасшылардың кейбір мысалдары берілген.
Карлдың жеке мәселелері (қаржы немесе отбасылық қарым-қатынастағы мәселелер) бар, ол оларды шеше алмайды. Ол осы мәселелерге байланысты ұйымға толықтай беріле алмайды, оның назарын жеке мәселелер алады.
Уильям дұрыс жетекшілік етудің орнына ұйымындағы сәтсіздіктерге басқаларды кінәлайды, ол өзі қабылдау керек шешімді басқалардың қабылдауын күтеді және ұйымның табысқа жетуіне жауапты емес деп ойлайды. Ол ұйымының сәтсіздігін басқара алмайтын факторларға байланысты деп түсіндіреді.
Салли өзін-өзі дамытқысы келмейді, ол өзінің кемшіліктерін жоққа шығарады және оның құзыретіне қатысты кез келген сұраққа ашуланады.
Мартин өзінің ұйымына риза, ол дамудың қажеттіліктерін көріп тұрған жоқ және өзгеріс туралы ойлап та жатқан жоқ. Оның ұйымы уақыт өте келе тиімсіз болып қалады.
[1]Рональд өзін ұйымға қажет жалғыз көшбасшы деп санайды. Ол басқалардан оның нұсқауларын орындауын күтеді. Оған топ қажет емес, оған тек көмекшілер қажет. Ол адамдардың оған бұрынғыдай неге көмектеспейтінін түсінбейді.
Элвис ұйымды өзіне пайда әкелу және өзінің ұлылығын көрсету үшін бастады. Ол онсыз компанияның керемет болуын жоспарламайды.
Полдың мінезі нашар. Күйзеліс кезінде ол орындай алмайтын уәделерді береді, басқа біреудің ақшасын жұмсайды, кездесулерді өткізіп алады және өтірік айтады. Оның командасы оның беделінен ұялады.
Бұл көшбасшылар көп ұзамай өз мүмкіндіктерінің шегіне жетеді. Олар өздерінің жеке шектеулеріне қарсы тұрып, оларды жоймайынша, жақсы басқарушы бола алмайды. Егер бұл көшбасшылар өзгергісі келмесе, оларды алып тастамайынша, ұйым дамымайды.
► Жоғарыдағы ойдан шығарылған көшбасшылардың әрқайсысын ескере отырып, мына сұрақты қойыңыз: «Оның ұйымы даму үшін _______ қалай өзгеруі керек?»
“Мен қой бастаған арыстандар әскерінен қорықпаймын; Мен арыстан басқаратын қой әскерінен қорқамын.”
- Ескендір Зұлқарнайын
Саул – шектеулі көшбасшы
Саул басшылығын Исраилдің патшасы ретінде жақсы бастады. Ол кішіпейіл болды және өзін қызметке жарамсыз деп санады. Кейбіреулер тіпті оны патша деп танудан бас тартты.
Саулдың алғашқы әскери жеңісінен кейін кейбір адамдар Саулдан бас тартқан адамдарды өлтіргісі келді. Саул Құдай жеңісті берді және бұл кек алатын уақыт емес деді. Бұл ұстанымның ұзаққа жетпегені өкінішті.
Көп ұзамай Саул Құдайға мойынсұнбады. Пайғамбармен кездесу кезінде Саул басшы ретінде жауапкершілікті өз мойнына алмай, халықты айыптады (Патшалықтар 1-жазба 15:21). Пайғамбар Саулға Құдай патшалықты мойынсұнатын адамға беретінін айтты.
Саул соңына дейін билікті қолында ұстап қалғысы келді. Ол істегеніне өкінбеді және Құдайдың рақымын қайтаруға да тырыспады. Ол Құдайдың оның орнына басқа басшы қоятынын мойындамады. Ол тәубе еткенде, оның жаны құтқарылар еді. Құдай оның орнына басқа адамды қойғанша ол патша болып қызмет ете алар еді және ол абыроймен басшылығын бітірер еді. Кейде ұзақ мерзімде басқарған көшбасшылар лауазымдарын сақтап қалу үшін, тұрпайы әрекеттер жасап, басшылығын абыройсыз бітіреді.
Бір күні шайқаста Саул: “Кеш батқанға дейін, мен жауымнан кегімді алып болмайыншы, тамақтан ауыз тиген әркімді қарғыс атсын!”— деді (Патшалықтар 1-жазба 14:24). Бұл бұйрық орынсыз болды, өйткені бірнеше сағаттық шайқастан кейін бәрі әлсіреп қалды. Бұйрық сонымен қатар оның өзіне деген назарын көрсетеді. Оның ойынша, шайқас жеке соның шайқасы болды.
Саул өзіне сенімсіз болғаны сонша, ол қатесін мойындай алмады. Ол ұлы Жонатанды өлімге бұйыра жаздады, себебі ұлы білместіктен бұйрыққа мойынсұнбады, алайда Жонатанның бұл әрекеті оларға жеңіс сыйлады.
Басқа бір шайқаста Саул Самуилдің келіп, Жаратқан Иеге сиынып, Құдайға арнап құрбандық шалуын күтті. Күндер өтіп, Саулдың жасақтары бытырап кетіп жатты. Құдай тек діни қызметкерге рұқсат берген рәсімді, Саул өзі орындады. Рәсімнің аяғында Самуил келді. Ол Саулға сөгіс берді, бірақ Саул халық бір нәрсе дұрыс емес деп күдіктенбес үшін Самуилды рәсімді аяқтауға көндірді (Патшалықтар 1-жазба 13:11). Саулға Құдайдың разылығынан гөрі көпшіліктің пікірі маңыздырақ болды.
Саул басқалардың, әсіресе Дәуіттің жетістігіне қызғанышпен қарады. Дәуіт оған ешқандай зиян тигізбесе де, ол Дәуітті ұстауға бар уақыты мен күшін салды.
Ол халықтан күдіктеніп, оларға шағымын білдірді. Ол дұрыс емес кеңесшілерді тыңдап, солардың өтірігіне сенді (Патшалықтар 1-жазба 24:9). Ол барлығының өзіне қарсы екеніне және ешкім оған қажетті ақпаратты бермегеніне шағымданды (Патшалықтар 1-жазба 22:8).
Саулдың ұлы Жонатан әкесіне мүлде ұқсаған жоқ. Ол Дәуіттің келесі патша болатынын түсінді және бұл шындықты қабылдады. Саул Жонатанның Дәуітті неге жек көрмейтінін түсіне алмады. Жонатан мен Дәуіт жақсы дос болды. Жонатанның Құдайға деген сенімі Саул сенімін жоғалтқаннан кейін де оған үлкен жеңістерге жетуге сенімділік берді. Өкінішке орай, Жонатан әкесінің қателігінен шайқаста қаза тапты.
Саул өмір бойы соғыста болды. Оған мықты жігіттер кездескенде, ол оларды өз жасағына қосып алатын (Патшалықтар 1-жазба 14:52). Бұл оның басқалардың қамын ойламай, өз еркін орындап отырғандығын білдіреді. Ол көмек жеткілікті деп ешқашан ойламады. Сондықтан халық Саулдан аулақ жүретін.
Біз Саул мен Дәуіттің арасындағы үлкен айырмашылықты көреміз. Дәуіт халықты өзіне тартты, ал Саулдан адамдар аулақ жүруге тырысты. Дәуіттің адамдарының оны жақсы көргені сонша, кейбіреулері өз өмірлерін қатерге тігіп, оған ол қалаған жерден су әкелді. Саул өз халқының жеткілікті түрде адал емес екеніне жиі шағымданатын, бірақ ол толықтай адал болған Дәуітке сенбеді.
Джон Максвеллдің көшбасшылық деңгейлерінің сипаттамасы
[1]Джон Максвелл көшбасшылық ықпалдың деңгейлерін сипаттады. Бұл деңгейлер лауазым деңгейлеріне жатпайды. Кез келген лауазымдағы адам осы ықпал деңгейлерінің кез келгенінде болуы мүмкін. Жақсы көшбасшы уақыт өте келе лауазымда көтерілмесе де, бұл деңгейлерде көтеріледі.[2]
(1) Лауазымдағы көшбасшылық
Адамның көшбасшылығы лауазымнан басталуы мүмкін. Лауазымдардағы көптеген адамдар көшбасшы болу үшін бұдан әрі ештеңе істеудің қажеті жоқ деп есептейді. Олар өз адамдарының сенімін ақтау керектігін түсінбейді. Жоғары лауазымдағы көшбасшылар ынтымақтастық орнатуда өзінің беделін пайдаланады. Олар адамдарды өз мақсаттарымен бөлісуге көндіруден гөрі төлем мен жазалау сияқты ынталандыруларға тәуелді болуы мүмкін. Көшбасшылықтың бұл түрі кең таралған, бірақ ол жақсы нәтижелер бермейді.
Жаңа қызметтегі басшы ұйымның тарихы мен мәдениетін түсінетінін көрсетуі керек. Ол бұрын жасалған нәрсені бағалайтынын көрсетпей, идеяларды немесе өзгерістерді ұсынуына болмайды. Ол ұйымның құндылықтарын бөлісетінін көрсетуі қажет.
Көшбасшы адамдардың жақсы жұмыс істеуі үшін қажет нәрсенің барлығы бар екеніне көз жеткізуі керек. Ол адамдар одан күтетін нәрседен де көп нәрсе жасау қажет. Ол көпшілік жақсы деп санайтын өзгерістерді орнатуы керек.
(2) Рұқсат беруші көшбасшылық
Бұл деңгей «рұқсат» дегенді білдіреді, өйткені адамдар енді көшбасшының соңынан ергісі келеді. Көшбасшы өз халқымен қарым-қатынасын дамыту арқылы осы деңгейге жетеді. Ол жұмысқа емес, олардың өміріне жеке қызығушылық танытады. Ол оларды ұйымның теріс әрекеттерінен қорғайды. Ол жеке табысқа жетуге көмектесетін жолдарды табады.
(3) Өнімді көшбасшылық
Көшбасшы үшінші деңгейде болғанда, адамдар қарым-қатынасқа байланысты ғана емес, жақсы нәтижелерге байланысты оның артынан ереді. Көшбасшының әрекеттері оларға мақсаттарына жетуге көмектеседі, сондықтан олар қуана жұмыс істейді. Көшбасшының арқасында ұйым табысқа, ал адамдар жеке табысқа жетуде. Бұл деңгейде көшбасшы мақсаттарды қояды, бағытты белгілейді және өзінің және өз адамдарының әрекеттері үшін жауапкершілікті алады.
(4) Адамдарды дамыту
Төртінші деңгей – адамдардың дамуы, мұнда кейбір адамдар көшбасшымен жеке байланысы бар жетекшілерге айналады. Олар оның нәтижелеріне сенеді, онымен жеке қарым-қатынаста болады және олар жұмыстарына қанағаттанады. Бұл деңгейде көшбасшы өзінің 20% тиімді адамдарына инвестиция құю керек. Ол оған басқаруға көмектесетін адамдар тобын құруы қажет.
(5) Тұлға
Бесінші деңгейді Максвелл тұлға деп атайды, өйткені көшбасшы өзінің кім екеніне байланысты адамдар еретін белгілі тұлғаға айналады. Ол жақсы беделге ие көшбасшы ретінде белгілі және адамдар онымен жеке байланысы орнатпай тұрып-ақ, оның артынан ереді.
Қорытынды
Көшбасшы барлығына бірдей қарамауы мүмкін. Мысалы, оның адамдарының кейбірі тек беделді (лауазымдағы жетекшілік) лауазымында болғандықтан ғана оған еруі мүмкін, ал басқалары оның басшылығының жақсы нәтиже беретінін (өнімді көшбасшылық) білетіндіктен, оған ереді.
Көшбасшы өз деңгейін өзі бағалап, келесі деңгейге өту үшін не істеу керектігін түсінуі керек. Ол табысқа жеткен деңгейінде қалуға тырыспауы қажет. Мысалы, кейбір басшылар өздері басқаратын адамдарға ұнайтын екінші деңгейде қалуды қалайды. Көшбасшы әрқашан көшбасшылықтың жоғары деңгейіне ұмтылуы керек.
“Жауапкершілік сенім артқан адамға жүктеледі. Жауапкершілік – сенімнің белгісі.”
- Джеймс Кэш Пенни
[2]Бұл деңгейлердің түсіндірмелерінің барлығы Максвелл жазбаларынан емес.
Кету
Кейде дамып келе жатқан көшбасшы бір ұйымнан екіншісіне ауысады. Тіпті бір жерде ұзақ басшылық еткен кемел басшы да ауысып кетуі мүмкін.
Көшбасшы қашан кетудің дұрыс екенін қайдан біле алады?
Кейде қызметтегі жетекші Құдайдың оны басқа қызмет орнына шақырып жатқанын біледі. Құдай өз еркін аша алады. Адам ішкі сезіміне ғана сүйеніп қоймау қажет; Құдайдың растауы болуы керек. Әдетте Құдай өзгерісті қаласа, ол жағдайларға ерекше өзгерістер енгізеді немесе оның бағытын растайтын жолмен қамтамасыз етеді.
Кету не кетпеу туралы шешім қабылдағанда ескеретін басқа да нәрселер бар.
Билікке бағынғыңыз келмейтіндіктен кетпеңіз.
Жақсы жалақыға бола жаңа лауазымға ауыспаңыз.
Сенімдеріңізді немесе этикаңызды бұзуды талап ететін ұйымға бармаңыз.
Жоғарылау мүмкіндігі үшін отбасылық басымдықтарды бұзбаңыз. Мүмкіндігінше отбасыңызды жақсы қауым және жақсы мектеппен қамтамасыз етіңіз. Ауысу сіздің отбасыңызға жақсы жағынан әсер етуі қажет.
Жаңа лауазым көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік беруі керек. Жаңа лауазым сіздің қабілеттеріңізге және әлеуетті тауашаңызға сәйкес келуі қажет.
Кететін адамдарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысыңыз. Олар сізге жамандық жасады деп ойласаңыз да, оларға қатал мәлімдеме жасамаңыз. Уақыт өте олар сіздің жақсы қасиеттеріңізді есіне алып, қателіктеріңізді ұмытуы мүмкін. Сіз олармен қайтадан байланысқа түсуіңіз және олар сізге болашақта көмектесуі де мүмкін. Өзіңізге дұшпан жинамаңыз.
Жаман мысал…
Димас қызмет етуде елші Пауылмен бірге саяхатқа шығатын. . Ол елшілік топтың мүшесі болды, ізгі хабарды жаңа жерлерге жеткізу кезінде көптеген кереметтер мен Құдайға бет бұрғандардың тәубеге келгенін көрді. . Әрбір қалада жаңа қауымдар ашылды.
Өкінішке орай, Димас өзінде қандай керемет мүмкіндіктер барын түсінбеді. Пауыл: “Димас осы күнәкар дүниені жақсы көріп, мені тастап кетті”,— деді (2 Тімотеге 4:10).
Біз Джим Коллинздің қызмет ету сабағында көшбасшылық деңгейлерінің сипаттамасын қарастырдық (5-сабақ). Сол сабақта біз 5-деңгей көшбасшысының ерекше қасиетін зерттедік.
Бұл сабақта біз деңгейлер арасындағы айырмашылықтарды қарастырамыз. Міне, Коллинздің көшбасшылықтың бес деңгейі туралы сипаттамасы. Мәтін түзетіліп, түсіндірме қосылды.
1-деңгей: Қабілетті тұлға
Бұл адам таланттың, білімнің, дағдының және жақсы жұмыс әдеттерінің арқасында жақсы жұмыс істейді. Бұл адам басшылық қызметте болмауы мүмкін, бірақ оның жұмысы жақсы болғандықтан оның ықпалы бар.
2-деңгей: Үлес қосушы топ мүшесі
Бұл адам топқа өз мақсаттарын орындауға көмектеседі және топпен жақсы жұмыс істейді. Ол топтың көшбасшысы болмауы мүмкін, бірақ оған қатысу арқылы әсер етеді.
3-деңгей: Құзыретті менеджер
Бұл адам мақсаттарға жету үшін адамдар мен ресурстарды қарастырады. Ол өзі мақсат қоймайды, бірақ көшбасшы қойған мақсаттарды қабылдайды. Ол қол жетімді ресурстарды басқарады және бар нәрсемен жұмыс істейді.
4-деңгей: Тиімді көшбасшы
Көшбасшы ұйым адамдарына өз көзқарасын дамытуға және бөлісуге көмектеседі. Ол оларға мақсат қоюға көмектеседі. Ол оларды мақсатқа жету үшін күш салуға және жұмсауға ынталандырады. Ол бар нәрсені жай ғана басқармайды. Ол ұйымның табысы үшін көмек іздеу, ресурстарды табу және мақсатты қайта қарау сияқты жауапкершіліктерді өз мойнына алады.
5-деңгей: 5-деңгейдегі басшы
Бұл адамда 4-деңгейдегі көшбасшыға тән қасиеттер бар, бірақ ода тағы бір өте маңызды қасиет бар. Ол кішіпейілділік пен табандылықтың үйлесімі арқылы ұзақ мерзімді ұйымды құрады.
Дәуіт – шектеуден асқан көшбасшы
Дәуіт көп нәрселерде жақсы болды. Ол қойшы, жыршы, әнші, арфада ойнаушы, пайғамбар, күресші, қолбасшы, патша болды.
Дәуіт көп балалы отбасының кенже баласы болды. Кіші ұлдың үлкен басшы болғаны сирек жағдай. Оның отбасы одан көшбасшылықты күткен жоқ, бірақ Құдай оны таңдады.
Дәуіттің алғашқы жұмысы бақташылық болды. Бұл маңызды жұмыс емес болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл оны маңызды істерге дайындады. Ол істеген ісіне жауапкершілікті сезінетін, сондықтан қауіп төніп тұрғанда да ол қашпады. Ол өз жұмысын орындауда Құдайға сенім артты және Құдайдың күшімен аю мен арыстанды да өлтірді.
Кез келген әлеуетті көшбасшы сияқты, Дәуіт дайындықтан өтіп жатқанын білмей дайындықтан өтіп жатты. Оның жеңістері оны Құдайға сенім артатын тұлға етіп қалыптастырды. Ол өз жұмысын істеуде қорқынышқа бой бермейтін көшбасшы болды.
Дәуіт қойларды қорғауға онша мән бермесе, оның өмірі қалай өзгерер еді елестетіп көріңізші. Арыстан немесе аюды көргенде ол тұра қашатын еді. Кейінірек Ғолияттың дауын естігенде, алыппен жекпе-жекке шығу оның ойына да келмес еді.
Құдай Дәуітті майлау үшін Самуилді жіберді. Майлау Құдайдың оны таңдағанын және тағайындаған қызметінде оған ерекше көмек көрсететінін білдіреді. Дәуіттің әкесі Самуилдің үлкен ағаларының бірін таңдамағанына таң қалды, сонда Самуил: “Адам сыртқы түріне қарайды, ал Құдай жүрекке қарайды”, — деді (Патшалықтар 1-жазба 16:7). Құдай талай рет басшылыққа қойған адамдарымен басқаларды таңқалдырды.
Дәуіттің жас кезіндегі қиындықтары оның мүмкіндіктері болды. Дегенмен, Дәуіттің көзқарасы бар адам ғана мүмкіндіктерді көрер еді. Ғолияттың шақыруын мыңдаған адамдар естіді, бірақ тек Дәуіт оған мүмкіндік ретінде қарады. Оны берілетін сый қызықтырды, бірақ одан да маңыздысы ол Құдайдың даңқы үшін күресті. Ол: “Бұл Құдайсыз філістір мәңгі тірі Құдайдың әскерін масқаралайтындай кім еді, сонша?”— деді.
Көшбасшылық – әсер ету. Дәуіт Ғолиятты өлтірген күні ол әскердің нағыз басшысы болды, өйткені әскер оның жеңісінен кейін әрекет ете бастады. Оның жеңісі оларды жеңіске жететіндеріне сендірді.
Дәуіт Саулдың сарбаздарының басшысы болды. Ол даналықпен әрекет етті, сондықтан оның ықпалы күшейді (Патшалықтар 1-жазба 18:14). Саул Дәуітке әділетсіз болғанымен, Дәуіт Сауылға адал болды. Бұл Дәуіттің мінезін одан әрі дамытқан кезең болды. Көбінесе қабілеті бар әлеуетті көшбасшыға сәтсіздікке ұшыраған жасы ұлғайған көшбасшы жаман қарайды. Жас көшбасшы да шыдамсызданып, үлкен басшының құрметін түсіруге тырысады.
Саул Дәуітті өлтірмек болғанда, Дәуіт тауларда жасырынып жүрді. Саулдың кезінде жағдай өте нашар болғандықтан, Дәуітке көптеген адамдар қосылды (Патшалықтар 1-ж 22:2). Саул оларды қылмыскер деп санаса да, олар қарақшыға айналған жоқ. Олар Исраилдің жауларымен соғысуды жалғастырды, дегенмен Саул оларды жау санап, көп уақыт соларды аңдумен болды.
Дәуіт егіншілер мен малшыларды қарақшылардан қорғауға көмектесетін (Патшалықтар 1-жазба 25:14-16). Бір кездері ол өздері қорғаған жердің тамағын сұрауға адамдар жіберді. Жердің қожайыны Набал оларды менсінбей, олардың қожайындарынан қашып жүрген құлдар екенін айтып, оларға ештеңе бермеді. Дәуіт ашуланып, Набалды өлтіру үшін адамдарды жинады. Жолда ол татуласуға келген Набалдың әйелі Әбигелді кездестірді. Ол: «Жаратқан Ие уәде еткен игіліктерінің бәрін сыйлап, сізді Исраилдің басшысы етіп қойған кезде, адам баласының қанын бекер төгіп, кегімді қайтардым-ау деген ой өзіңізді мазалап жегідей жемейтін болады»-деді (Патшалықтар 1-жазба 25:30-31). Дәуіт оның кеңесіне құлақ түрді.
Дәуіт патша болып майланған болса да, ұзақ уақыт бойы ешнәрсе өзгерген жоқ. Ода билікті күшпен алуға азғырылу болды, бірақ оның орнына ол Құдайға сенім артып, күтті. Кішіпейілділігі мен Құдайға деген сенімінің арқасында Дәуіт ұлы көшбасшы болды.
Студенттерге осы сабақтан өзінің мақсаттарын немесе әрекеттерін қалай өзгертуге болатынын бөлісуге мүмкіндік беріңіз.
8-сабақтың тапсырмалары
1. Осы сабақтан өмірді өзгертуге көмектесетін тұжырымдаманы қорытындылап жазыңыз. Неліктен маңызды екенін түсіндіріңіз. Одан қандай пайда? Бұл нәрсені білмеуден қандай мәселе туындауы мүмкін бе?
2. Осы сабақтың қағидаларын өз өміріңізге қалай қолдануға болатынын түсіндіріңіз. Бұл сабақ сіздің мақсаттарыңызды қалай өзгертуде? Әрекеттеріңізді өзгертуді қалай жоспарлап жатырсыз?
3. Максвелл сипаттаған көшбасшылықтың бес деңгейін және Коллинз сипаттаған көшбасшылықтың бес деңгейін зерттеңіз. Келесі сабақтың басында оларды жазуға дайын болыңыз.
4. Келесі сабақтың алдында Патшалықтар 3-ж 12 оқып шығыңыз. Мұнда екі басшы туралы айтылған. Осы екі басшының қателіктерін жазыңыз.
SGC exists to equip rising Christian leaders around the world by providing free, high-quality theological resources. We gladly grant permission for you to print and distribute our courses under these simple guidelines:
No Changes – Course content must not be altered in any way.
No Profit Sales – Printed copies may not be sold for profit.
Free Use for Ministry – Churches, schools, and other training ministries may freely print and distribute copies—even if they charge tuition.
No Unauthorized Translations – Please contact us before translating any course into another language.
All materials remain the copyrighted property of Shepherds Global Classroom. We simply ask that you honor the integrity of the content and mission.