Көптеген адамдардың уақытының көп бөлігі бос емес, бірақ не істеп жатқандары туралы ойланбайды. Олар не істеу керектігі туралы ойланудың қажеті жоқ деп санайды.
► Егер адам басымдықтар туралы байыпты ойланбаса не болады?
Ойланыңыз:
Біз жасап жатқан істерден гөрі жақсырақ істер бар.
Біз істеп жатқан тәсілдерден гөрі жақсырақ тәсілдер бар.
Біз жеткен нәтижелерімізден де жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламыз.
► Егер бұл мәлімдемелер шын болса, біз жақсырақ әрекет етуді қалай үйрене аламыз?
Джон Максвеллдің пікірінше, ойлаудың негізгі деңгейі
Мақсатты ойлау процесін игеруге тым жалқау
Стратегиялық ойлау қабілетін шығаруға бейім емес
Танымал ойлау қабілетіне күмәндану үшін тым үстірт
Ортақ ойлауды қабылдауға тым көкірек
Риясыз ойлаудың қанағаттануын сезіну үшін тым өз-өзіне берілген
Сіз өзіңіздің басымдықтарыңызды білсеңіз, шешім қабылдау оңай болады. Басымдықтар сіздің мақсаттарыңызды және мақсаттарыңызға жету жолын анықтайды. Басымдықтар мүмкіндіктерді тануға және таңдауға мүмкіндік береді. Нақты басымдықтары жоқ адам мақсаттарына қатысы жоқ мүмкіндіктерге алаңдайды.
Мәсіхші үшін белгілі бір құндылықтар оның жеке басымдықтарын жетелеуі қажет.
Біріншіден, сіздің құтқарылуыңыз және Құдаймен қарым-қатынасыңыз толық басымдық болып табылады. Сіз бұл құндылықты бұзатын нәрсеге ешқашан жол бермеуіңіз керек. Бұл Құдайға толық мойынсұнуды білдіреді.
Джон Уэсли Құдайдың біздің өмірімізге қатысты еркі туралы кейбір нәрселерді білетінімізді айтты. Құдай біздің жақсы болғанымызды және жақсылық жасағанымызды қалайтынын білеміз. Сондықтан кез келген шешімді қарастырған кезде жақсылық пен жақсылық жасауға сәйкес келетін әрекетті таңдауымыз керек. Біз жүрегімізде және іс-әрекеттерімізде киелі/таза болып қала алмайтын немесе жақсылық жасай алмайтын жағдайларға түспеуіміз қажет.
Бұл қағида мынадай, біз қайда тұратынымыз, қайда жұмыс істейтініміз, кімге тұрмысқа шығатынымыз, қандай білім алатынымыз, қандай бизнеспен айналысатынымыз, қандай қауымға баратынымыз, біздің достарымыз қандай деген сияқты шешімдерге қатысты. Мәсіхші үшін Құдай Сөзінің ақиқаты және Оның еркі қызмет ұйымдарында ғана емес, сонымен қатар әрбір мекемеде негіз болуы керек. Мәсіхші Құдай Сөзіне қайшы келетін кәсіппен айналыспауы қажет.
Екіншіден, Құдайдың қызметке шақыруы сізге маңызды. Бұл Құдай сіздің өміріңіздің бағытын басқарады дегенді білдіреді. Ол сізді мақсаттарыңызды Өзінің мақсаттарына бұруы мүмкін. Сіз тек Құдайдың еркімен ғана орындалатыныңызды есте сақтауыңыз керек. Сіз Құдайдың еркін жартылай ғана орындап, өзіңіздің мақсаттарыңызды орындауға бар күш-жігеріңізді сала алмайсыз.
Бір адам бағушы болуға шақырылғанын сезінді, бірақ ол қызметпен қатар отбасын қалай асырайтынын білмеді. Оған әуежайда жақсы жұмыс ұсынылды және ол ұсынысты қабыл алды. Ол жексенбі сайын жұмыс істеуге мәжбүр болды және қауымға бара алмады, бірақ: «Бұл [әуежайдағы жұмыс] менің қауымым», - деді. Ол Құдайдың шақыруына жауап бермей жатқанын білді, бірақ ода Құдай оны және оның отбасын қамтамасыз ете алатынына сенім болмады. Ол әуежайда отыз жыл жұмыс істеді. Ақыры зейнеткерлікке шығып, қартайған шағында Құдайға қызмет етуге шешім қабылдады. Оның басымдықтары дұрыс болды ма?
Иса былай деді: «Өзімді Жібергеннің еркін іске асырып, Оның тапсырғанын толық орындау Маған “нәр” болады» (Жохан 4:34). Құдайдың еркін орындау сіздің тамағыңыз болса, бұл нені білдіреді? Тамақ - сізді қанағаттандыратын нәрсе, сондықтан сіздің тағамыңыз сізге мотивация береді, сізді ынталандырады.
Осы бөлімде сипатталған басымдықтар маңыздылық жағынан ретімен тізімделмеген.
Мәсіхші үшін тағы бір басымдық – отбасы. Киелі кітапта отбасының қамын ойламайтын адам Құдайға сенбейтіннен де жаман екені жазылған. (Тімотеге 1-хат 5:8). Көшбасшы отбасының қаржылай қамтамасыз етілуіне ғана емес, сонымен қатар олардың рухани нәр алуына және басқа да қажеттіліктеріне жауапты.
Қызметті де, отбасыны да қатар алып жүру қажет. Құдайдың еркі сіздің отбасылық міндеттеріңізге қайшы келмейді, өйткені бұл міндеттер де Құдайдың еркіне сай. Кейде қызметте үлкен жетістіктерге жеткен адамдар отбасына қамқорлық жасауда жақсы үлгі бола алмайды. Қызметім бар, отбасыма немқұрайлы қарауға болады деп ойлайтын адам қателеседі.
Ешуа әртүрлі діндердің ықпалында болған көшіп-қонып жүрген халықтың көшбасшысы болды. Олар Құдай уәде еткен жерге келгенде, Құдайдың Келісімінің бекітілу уақытысы келді. Ешуа оларға Құдайға қызмет ете ме, жоқ па, соны шешуді бұйырды, бірақ ол таңдау басталмас бұрын өз шешімін айтты. Ол олар не таңдаса да, өзі және оның отбасы Жаратқан Иеге қызмет ететінін айтты (Ешуа 24:15). Бұл сенімге негізделген күшті көшбасшылық болды. Егер халық басқа құдайға қызмет етуді таңдаса, Ешуа енді олардың көшбасшысы болмас еді; ол Құдайға деген адалдығынан бас тартқысы келмеді. Оның батылдығы мен сенімділігі ұлттың дұрыс таңдау жасауына ықпал етті.
Төртінші басымдық – жергілікті қауым. Жергілікті қауым — Мәсіхтің рухани денесі (Ефестіктерге 1:23). Құдай қауымды Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін жабдықтайды (Ефестіктерге 4:11-13). Қауым арқылы Құдай мәңгілік мадақталады (Ефестіктерге 3:21). Сондықтан мәсіхші оның дарыны мен қызметі қауымға тәуелсіз деп ойламауы керек. Егер ол қауымның адал мүшесі болмаса, ол Құдайдың оның өміріне қатысты кемелді еркін орындамайды.
Жоғарыда көрсетілген басымдықтар туралы айту оңай, бірақ іс жүзінде оларды қолдану және ұстану қиынырақ. Кейде біз отбасының, қызметтің және бизнестің қамын ойлап, басымдықтар туралы ұмытып кетеміз. Әрекет дұрыс ойланудан кейін болу керек. Егер сіз тоқтап, ойлануға қолыңыз тимесе, сіз дұрыс емес істер істеп жатқан шығарсыз. Мүмкін сіз ұстанатын басымдықтарыңызға сай жұмыс істеп жатқан жоқсыз.
► Басымдықтарыңызды ұстану неге қиын?
Парето қағидасы
Парето қағидасы итальяндық экономист Вилфридо Паретоның құрметіне аталған, ол жердің 80% халықтың 20% иелігінде екенін байқаған. Ол өз бақшасында өндірілген бұршақтың 80%-ы 20% бұршақтан алынғанын байқады. Ол бұл пайыздардың көп нәрсеге сәйкес келетінін көрді. Басқа адамдар бұл қағиданы көшбасшылыққа, уақытқа және бизнеске қолданды.
Медициналық науқастардың 20%-ы медициналық ресурстардың 80%-ын пайдаланады.
Оқушылардың 20%-ы мұғалім уақытының 80%-ын алады.
Қауым мүшелерінің 20%-ы қауымдағы жұмыстың 80%-ын жасайды.
Қауым мүшелерінің 20%-ы қаржылық қолдаудың 80%-ын көрсетеді.
Көптеген адамдардың күш-жігерінің 20%-ы 80% табысты әкеледі. Сондықтан адамдар бар күш-жігерін салуы керек. Олар ең тиімді деген әрекеттерге көбірек уақыт бөліп, ал тиімді емес әрекеттерге уақыт бөлмеуді үйренуі қажет.
Топ жетекшісі бұл ұғымды түсінікті болу үшін көрнекі иллюстрацияны қолдануы керек. Қағазға үлкен шаршы сызыңыз. Оны 20% және 80% деп бөліңіз. Басқа қағазға да солай жасаңыз. Енді бір парақты екіншісіне байланыстырып суреттеңіз. Компаниядағы адамдардың 80 пайызы (үлкен бөлімді көрсетіп) жұмыстың 20 пайызын (басқа бетте шағын бөлімді көрсетіп) орындайды. Адамдардың 20 пайызы (бірінші қағаздағы шағын бөлімді көрсетіп) жұмыстың 80 пайызын (екінші қағаздағы үлкен бөлімді көрсетіп) орындайды.
Тым бос емес басшы кейбір істерді тоқтатуы керек шығар. Мұны көп шығынға ұшырамай, қалай жасауға болады?
Көптеген бағушылар уақыттарының 20% -ын халықтың 80% -ына, ал 80% -ын адамдардың 20% -ына жұмсайды. Мынадай сұрақ: олар дұрыс адамдарға назар аударып жатыр ма? Әдетте, біз уақытымыздың көп бөлігін көп мәселесі бар адамдарға жұмсаймыз. Біз мәселесі жоқ, барлығы қалыпты болып жатқан адамға, көп уақыт бөлмейміз, өйткені ода онсыз да барлығы жақсы. Біз уақытымызды көбірек жауап беретін адамдарға жұмсауымыз керек.
► Шаршы сызылған қағаздарды қайта қараңыз. Сіздің әрекеттеріңіздің 80% нәтиженің 20% құрайды. Сіздің әрекеттеріңіздің 20% нәтиженің 80% құрайды. Міндеттеріңіз бен тапсырмаларыңыздың тізімін құрыңыз. Кейбір әрекеттеріңіз аз нәтиже береді ме? Қандай әрекеттерді көбірек орындау керек?
Шұғылдық пен маңыздылық балансы
Кейбір адамдар тым бос емес және олар жұмысын ешқашан бітіре алмайтындай сезінеді. Олар көрінген тапсырманың барлығын алады және барлық тапсырмаларды қажет деп санайды. Олар өздеріне тәуелді адамдардың көңілін қалдырамыз деп уайымдайды, бірақ бәрібір бәрін уақытында бітіре алмайды. Олар жиі шаршайды, күйзеліске түседі. Олар жоспарлауға, оқуға және дамуға уақыт бөле алмайды, өйткені олардың бітпейтін шұғыл істері бар.
Бізге шұғылдық пен маңыздылық арасындағы баланс қажет. Адамның іс-әрекетін төрт топқа бөлуге болады.[1]
Шұғыл және маңызды нәрселер біздің назарымызды алады. Бұл санатқа уағыз дайындау, медициналық көмек көрсету және шұғыл қажеттіліктер үшін ақша жинау кіреді.
Шұғыл, бірақ маңызды емес тапсырмалар, әдетте, біз жауапкершілік алған, бірақ аса маңыздылығы жоқ істерге қатысты. Кейде ол қызметке қатысы жоқ жеке жобалар. Олар табыс алып келмейтін, басқа басымдықтардан да көп уақыт алатын істер болуы мүмкін. Бұл істер шұғыл болуы мүмкін, өйткені олар уақытында орындалуы қажет, бірақ олар өндіретін нәрсе үшін аса маңыздылығы жоқ.
Шұғыл емес және маңызды емес істер қажеттілікті қанағаттандырмайды. Олар істер орындалмаса, үлкен шығын болмас еді. Кейде ол істер бұрын орындалған, қазір орындалмайтын бағдарламаларға қатысты болады.
Шұғыл емес, бірақ маңызды істер жиі еленбейді. Бұл тез аяқталмайтын, бірақ ұзақ мерзімді құндылығы бар нәрселер. Мысалы академиялық оқу (мұғалім немесе студент ретінде), оқудың әртүрлі формалары, құрылыс салу және жазбаша материалдарды шығару болып табылады. Оларды бүгін аяқтау мүмкін емес және олар бізге бүгін пайда әкелмейтіндіктен, біз шұғыл нәрселерге көп назар аударамыз. Көшбасшы уақыт пен ресурстарды болашақта құнды болатын нәрселерге жұмсауы қажет. Мүмкіндігінше, бұл инвестиция күнделікті болуы керек.
Ұйымға қажетті әрекеттерді екі санатқа бөлуге болады.
“A” Әрекеттер ұйымның дамуына, жаңа мүмкіндіктерге және өсуге көмектеседі.
“Б ” Әрекеттер – ұйымның қазіргі жұмыстарын реттейтін әрекеттер.
Егер көшбасшы «А» әрекеттеріне әдейі көңіл бөлмесе, ол өзінің барлық уақытын және назарын «Б » әрекеттеріне беруге бейім болады. «Шиқылдаған дөңгелекті уақытында майлайды» деген сөз бар, басқаша айтқанда бұл шұғыл мәселелер басқа мәселелерден гөрі біздің назарымызды қатты аулайды дегенді білдіреді.
Кейбір басшылар бір мәселені бітірмей екіншісіне көшеді, бірақ болашаққа инвестиция салмайды. Жылдар бойы табысты болған ұйымдар, әдетте, уақыт пен ресурстарды зерттеулерге, дамуға және оқуға жұмсайды. Болашаққа инвестиция салмайтын ұйым жағдай/уақыт өзгерген сайын тиімділігін жоғалтады.
► Әрбір студент өзінің барлық әрекеттері мен міндеттерінің тізімін құрсын. Содан кейін жоғарыдағы диаграмма сияқты төрт шаршы сызып, әрекеттерді шаршыларға бөлсін. Ойланыңыз: маңызды, бірақ шұғыл емес қандай нәрселерді елемейсіз? Маңызды емес және шұғыл емес нәрселерге уақытыңызды жоғалтып жүрген жоқсыз ба?
[1]Stephen Covey, 7 Habits of Highly Effective People: The Ultimate Revelations of Steven Covey, (New York: KMS Publishing, 2011). кітабынан алынған ұғым
Делегация
Көшбасшы барлық істің орындалуына жауапты, бірақ ол істің барлығын өзі жасауға міндетті емес. Ол жауапкершілікті басқаларға бөлуі керек. Бірақ жұмыстың жақсы орындалғанына көз жеткізу оның міндеті. Ол топ мүшелері болашақта одан да жақсы жұмыс істеуі үшін, олардың оқуы мен дамуын қадағалауы қажет.
Жұмысты басқаларға беру, жұмыстың маңызды емес екенін білдірмейді. Жұмысты істей алатын адам бар немесе сол жұмысты орындауға үйретілген адам бар болғандықтан, жұмыс соларға беріледі.
Кейбір жұмыстарды басқаларға беруге болмайды, өйткені оларды тек басшы ғана орындай алады. Ол басшы болғандықтан ұйымның атынан шығады және ұйымның атынан сөйлейді. Басшы ұйымның болашағын ойлауы қажет. Ол басқа адамдарға қарағанда мүмкіндіктер, қауіптер және алдағы өзгерістер туралы жақсы білуі керек.
Басшы белгілі бір жұмысты орындауда күшті болуы мүмкін; сондықтан ол әдетте бұл жұмысты басқаларға бермейді. Дегенмен, басшы қажетті жұмыстарды өзінде қалдырмай, басқаларға тапсыруы қажет. Кейбір басшылар басқалардың жұмысына қанағаттанбайды және жұмыстың жақсы жасалуы үшін барлық жұмысты өздері жасайды.
Кейбір басшылар бәрін өздері істеуге тырысады және жұмысты басқаларға бергенді ұнатпайды. Олар жұмысты басқаға бергенде, жұмыстың орындалуын қадағалап, барлық шешімдерді өзі қабылдайды. Бұл жақсы көшбасшылық емес. Жақсы басшы бар күш-жігерін салатын, мақсат қоятын, әдістерді дамытатын және шешімдерге қатысатын адамдардан топ құрады.
Жақсы басшы жұмысты ғана емес, сонымен қатар басшылықты да тапсырады. Ол басқаларға сол жұмыста жетекшілік етуге мүмкіндік береді. Егер басшы оларға не істеу керектігін және оны қалай істеу керектігін айтып отырса, ол олардың жетекші болуына жол бермейді.
Көшбасшы өзінің басымдықтарын белгілей отырып, мынадай сұрақтарды қарастыруы керек:
«Маған кім көмектесе алады?» Басқалар жасай алатын жұмыстар бар, бірақ олар ол жұмысты жасап жатпаса, сіз дұрыс басшылық етіп жатқан жоқсыз.
«Менсіз істелмейтін қандай жұмыстар бар?» Көшбасшы осы міндеттерге назар аударуы керек. Оған топты дамыту, мақсат қою, жоспарлау сияқты нәрселер жатады. Бұл нәрселерді басшы жалғыз өзі орындамайды, бірақ бұл нәрселер әдетте көшбасшысыз жасалмайды.
Құрбандық
Кейбіреулер көшбасшы болудың артықшылығы көп деп ойлайды. Олар оның билігі оған қалағанын жасауға мүмкіндік береді деп ойлайды. Шындығында, топ табысқа жету үшін көшбасшы көп нәрселерді құрбан етеді. Топ табысқа жетпейінше, көшбасшы да табысқа жете алмайды.
[1]Басшы лауазымда көтерілген сайын оның құқығы азайып, жауапкершілігі артады. Мысалы, ұйымдағы ең төменгі лауазымдағы адам белгілі бір сағатта жұмыс істейді, белгілі бір тапсырмаларды орындайды және міндеттерінен тыс нәрселерге жауап бермейді.
Жоғары лауазымдағы басшы барлық уақытта жұмыс істейді, қажет нәрсемен қамтамасыз етеді. Ол көптеген нәрселерден бас тартуы мүмкін. Демалғысы келген кездерде де, ол ұйым үшін жұмыс істейді және өзінің демалысын құрбан етеді. Басшыларды күннің немесе түннің кез келген уақытында мәселерді шешуге шақырады.
Адамның жауапкершілігі артқан сайын, ол ұйымда маңызды шешім қабылдай алады; бірақ ол үшін ол өз құқықтарынан бас тартады. Бұл процесс пирамидалармен суреттелген. Төменгі жағында адамның жауапкершілігі аз, бірақ құқықтары көп, өйткені ол қанша жұмыс істеу керектігін өзі шеше алады. Жауапкершілігі артқан сайын оның жеке құқықтары да азаяды.
Спортшының мысалын қарастырайық. Мықты спортшы атақ пен байлыққа ие болады. Дегенмен, ол қатаң диетаны ұстанады, жаттығулар жасайды және күнде сағаттап өз шеберлігін шыңдайды. Музыканттардың өмірі де осыған ұқсас.
Медицина саласына немесе ұстаз болуға дайындалып жүрген адам бұл нәрсеге жету үшін жылдап оқиды. Ол басқалар сияқты уақытын, ақшасын қалаған жағына құрта алмайды. Ол көптеген ойын-сауық және басқа да шаралардан бас тартады. Ол өз мақсатына жету үшін тіпті ең қажетті заттардан бас тартуы мүмкін.
Кәсіп бастағысы келетін адам бар ресурстарын кәсібіне құяды. Ол тапқан ақшаның барлығын жұмсай алмайды. Ол болашақта пайда табу үшін кәсібіне ақша салады. Ол достары сияқты ақшаны қалаған жағына жұмсамайды. Достары оның бұл әрекетін сынға алуы мүмкін, бірақ болашақта ол достарынан да табысты болады.
Болашақта көшбасшы болатын адам өз болашағына қазірден инвестиция салуы керек. Құрбандық даму сатысында басталады. Өзіңізді дамытып, болашағыңызға инвестиция салыңыз. Оқу, қызмет ету және жетекшілермен уақыт өткізуді басымдық қылыңыз.
Сіздің істеп жатқаныңыз маңызды емес болып көрінуі мүмкін, бірақ ол сіздің адамдармен жұмыс істеу қабілетіңізді дамытады және жақсы беделге ие болуға көмектеседі.
► Келесі абзацтарды талқылаңыз. Мәлімдемелер нені білдіреді? Оларды қалай қолдануға болады?
Жетістікке жету үшін өз пікіріңізді, маңыздылық үшін қауіпсіздігіңізді, болашақ әлеует үшін қаржылай пайданы, жеке даму үшін қалауларыңызды, шоғырлану үшін барлауды, және тамаша үшін қолайлыны құрбан етуіңіз қажет.[2]
Өз басымдықтарыңызды мақсатты түрде қолданыңыз. «Бір нәрсені әдетке айналдырмас бұрын, оны алдымен тәртіпке айналдыру қажет.[3]
Елші Пауыл жарыскердің ұстамдылығын сипаттады. Спортшылар табысқа жету үшін көп нәрсені құрбан етеді (Қорынттықтарға 1-хат 9:25-27). Пауыл олардың мұны жердегі, уақытша құрмет үшін істеп жатқанын айтады; ал біз мәңгілік сый алу үшін жұмыс істеуіміз қажет. Біздің мотивация олардыкінен бөлек, бірақ одан кем болмауы керек.
Студенттерге осы сабақтан өзінің мақсаттарын немесе әрекеттерін қалай өзгертуге болатынын бөлісуге мүмкіндік беріңіз.
[2]John Maxwell, For Everything You Gain, You Give Up Something: Lesson #22 from Leadership Gold (Nashville: Thomas Nelson, 2012).
[3]Ken Blanchard and Phil Hodges, The Servant Leader: Transforming Your Heart, Head, Hands, and Habits (Nashville: Thomas Nelson, 2003), 85
Бес қорытынды мәлімдеме
1. Басымдықтар сіздің мақсаттарыңызды және мақсаттарыңызға жету жолдарын анықтайды.
2. Басымдықтар мүмкіндіктерді тануға және олардың таңдауға мүмкіндік береді.
3. Тек Құдайдың еркімен ғана орындалаcыз. .
4. Жақсы басшы жұмысты ғана емес, басшылықты да тапсырады.
5. Басшы лауазымда көтерілген сайын оның құқығы азайып, жауапкершілігі артады.
7-сабақтың тапсырмалары
1. Осы сабақтан өмірді өзгертуге көмектесетін тұжырымдаманы қорытындылап жазыңыз. Неліктен маңызды екенін түсіндіріңіз. Одан қандай пайда? Бұл нәрсені білмеуден қандай мәселе туындауы мүмкін бе?
2. Осы сабақтың қағидаларын өз өміріңізге қалай қолдануға болатынын түсіндіріңіз. Бұл сабақ сіздің мақсаттарыңызды қалай өзгертуде? Әрекеттеріңізді өзгертуді қалай жоспарлап жатырсыз?
3. 7-сабақтың бес қорытынды мәлімдемесін есте сақтаңыз. Келесі сабақтың басында оларды жазуға дайын болыңыз.
4. Келесі сабақтың алдында Патшалықтар 1-ж. 13—15 оқып шығыңыз. Саулдың басшылығында қандай мәселелер болды?
SGC exists to equip rising Christian leaders around the world by providing free, high-quality theological resources. We gladly grant permission for you to print and distribute our courses under these simple guidelines:
No Changes – Course content must not be altered in any way.
No Profit Sales – Printed copies may not be sold for profit.
Free Use for Ministry – Churches, schools, and other training ministries may freely print and distribute copies—even if they charge tuition.
No Unauthorized Translations – Please contact us before translating any course into another language.
All materials remain the copyrighted property of Shepherds Global Classroom. We simply ask that you honor the integrity of the content and mission.