Кейбір адамдар Құдай үшін бәріміз бірдей маңызды болғандықтан, қауымда басшы болмау керек деп санайды. Көптеген адамдар көшбасшылыққа жақсы қарайтындарын айтады, бірақ іс жүзінде олар кез келген рухани биліктен босатылғандай әрекет етеді.
► Киелі Кітап қауымда басшы болу керек деп үйретеді ме? Мысал келтіріңіз.
Киелі Кітаптың көптеген жерлерінде қауымдағы көшбасшылық туралы айтылады.[1] (Кейбір мысалдар Еврейлерге 13:7, 17; Титке 1:5; Римдіктерге 12:8; Қорынттықтарға 1-хат 14:40; және Тімотеге 1-хат 5:17.)
Көшбасшылықты ықпал ету ретінде анықтау қауымдағы көшбасшылықтың рөлдерін көруге көмектеседі. Қауым өз мақсаттарына жету үшін, Құдай жетекшілерді белгілі қызметтерге шақырады және тағайындайды және оларға басқару мүмкіндігін береді.
► Студент топқа Ефестіктерге 4:11—12 үзіндісін оқып шықсын.
[2]Қауымдағы барлық қызметті бұл тізімге жатқызуға болмайды. Мысалы, музыкант немесе мадақтау тобының жетекшісі бұл қатарға кірмеуі мүмкін. Дегенмен, әрбір қызмет қауымның мақсаттарын орындауға бағытталуы керек.
Көшбасшының рөлі уағыздау, тәлім беру және Ізгі Хабар айтумен ғана шектелмейді. Қауымда қызметтер әлдеқайда көп. Қауымдағы адамдар күнделікті қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бірге жұмыс істейді. Адамдарды бау-бақшаға арналған жабдықтармен бөлісуге шақыратын адам қауымның мақсатын орындауға көмектеседі. Қауымдағы міндеттер қауымдағы қызметтерден тыс атқарылатын қызметті қажет ететіндігін көрсетеді.
[1]Егер топтан бір адам қауымда басшылық қажет емес немесе Киелі кітапқа сай емес десе, топ жақшада тізімделген жазбаларды зерттей алады. Бұл нәрсеге көп уақыт бөлмеуге тырысыңыз.
Бұл сабақта біз зерттейтін жазба бағушылар мен диакондарға қатысты. Дегенмен, қойылатын талаптардың көпшілігі қабілеттерге емес, мінезге байланысты. Барлық мәсіхшілер осы жерде сипатталатын мінезге ие болуы керек. Көшбасшылар осындай мінезге ие болса, жақсы болар еді. Әрбір қасиетке назар аударып, оның адамға әсер етудегі маңыздылығын елестетіп көріңіз.
Елші Пауыл жаңа қауымдарға жетекшілер тағайындап отырды (Елшілердің істері 14:23). Бұл жетекшілердің көбісі жақында ғана сенімге келген адамдар еді. Олар жетекшіге қойылатын талаптарға сай емес еді, бірақ Пауыл ең жақсы деген жетекшілерді тағайындады. Олар дамуға мүмкіндігі бар адамдар еді. Құдай талаптарға сай емес, бірақ Мәсіхке және қызметке толықтай берілген адамды пайдалана алады.
Бізде бағушылар мен диакондарға қойылатын талаптар туралы екі үзінді бар. Оларды елші Пауыл Тімоте мен Титке жазған. Тімоте Ефес қауымына, ал Тит Криттегі қауымға жетекшілік етті. Олар жергілікті қауымдарға жетекшілер тағайындау қызметін атқарды.
► Студент топқа Тімотеге 1 хат 3:1-7 үзіндісін оқып шықсын.
Бағушының қасиеттері
(1) Кінәратсыз
Бағушы дұрыс емес істер жасай алмайды. Бағушы басқаларға бір нәрсе үйрету үшін, бірінші өзі үйрететін нәрсеге сай болуы керек. Бағушы мәсіхшіге сай өмір сүруі керек. Бұл қауым оған сенім артуы және қоғамда басқаларға жақсы куәлік болуы үшін қажет.
Салыстырмалы түрде жақында ғана құрылған қауымда, бағушы тәжірибесі көп емес мәсіхші болуы мүмкін. Оның бойында бағушыға тән барлық қасиеттер болмауы мүмкін, бірақ ол өмірін Құдайға арнаған және қателіктерін мойындауға және мінез-құлқын түзетуге дайын адам болуы қажет.
Азиядағы бір ауылда Құдай бір бағушыны өз ісіне бірнеше жылдар бойы қолданған еді. Бағушының жетістігі оны мақтаншақтық пен рухани бейқамдыққа итермеледі. Бір күні түнде бір жас әйел оған мотоцикл айдап қайтуды өтінді. Бұл оны азғырып, қоғамдағы беделіне нұқсан келтіретінін білсе де, ол бұған келісті. Қауымның мүшелері бұл туралы білгенде, оған деген сенімдерін жоғалтты. Ақырында ол қызметтен кетуге мәжбүр болды. Құдайдың рақымымен бұл бағушы Құдайдың және өзі ренжіткендердің алдында кішірейді. Ол өзінің рухани тәлімгерінің бақылауында болып, одан тәртіптік шаралар қабылдады. Бірте-бірте оған деген сенім қайта артып, оның қызметінің тиімділігі артты.
► Көшбасшыға сенім артпаса не болады?
(2) Әйеліне адал
Әлемнің көптеген елдерінде көп әйел алу қалыпты әдетке айналған. Құдайдың жоспары бойынша ер адамның бір әйелі болуы қажет. Бағушылар бұл жағынан үлгі көрсетуі керек. Бұл талап бағушы жақсы күйеу болу үшін барын салу керек дегенді білдіреді. Ол әйелін сүйетін және әйеліне адал адам болуы қажет.
(3) Салауатты (қырағы)
Бағушыны қойларын күзететін шопанмен салыстыруға болады. Ол өз қауымының қорғаушысы. Ол жалған ілімдер мен теріс әсерлерден сақ болуы керек. Ол қауым мүшелерін өздерінің ілімдеріне сенімді болуды үйретуі қажет және адамдарға рухани қауіп туралы ескертуге дайын болуы керек. Ол қауымда қате ілімдердің таралуына жол бермеуі қажет.
Бағушы өзінің қызметіне байыпты қарау керек. Ол тез және эмоцияда шешім қабылдайтын импульсивті адам болмауы керек. Ол маңызды мәселелер туралы сабырлы түрде ойлана білуі керек. Сонымен қатар ол жеке мәселелер мен уайымдардың, ойын-сауықтың немесе басқа да азғырулардың оны қызметтен алшақтатуына жол бермеуі қажет.
(5) Әдепті
Бағушы әдепті болуы қажет. Ол тұрпайы әрекеттер жасай алмайды. Оның мінез-құлқы өзі үйрететін қағидаларға сай болуы керек.
Бағушы өзі қызмет ететін жердің әдет-ғұрыптарын құрметтеп үйренуі керек. Егер ол біреуді ренжіткен болса, ол кішірейіп, кешірім сұрауға дайын болуы қажет.
(6) Қонақжай
Қонақжай болу – жолға шыққан, тамақ пен жатын жерді қажет ететін адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бағушы басқалардың қажеттіліктеріне жауап беретін адам болуы керек. Ол әрдайым бөлісуге дайын болуы қажет, тіпті бірінші рет кездескен адамдарға ашық болып, көмектесуі керек.
► Неліктен бұл қасиет көшбасшы үшін маңызды?
(7) Қабілетті оқытушы
Бағушы шындықты адамдарға түсінікті болатындай қылып жеткізуі керек. Ол оқуға және өзін-өзі дамытуға жауапкершілік алуы қажет.
(8) Арақ-шарапқа құмар емес
Бағушы арақ-шараптың әсерінде болмауы қажет. Оның мінез-құлқы арақ-шараптың әсерінде тұрған адамға ұқсамауы керек. Бұл қағида осыған ұқсас әсер беретін кез келген басқа затқа да қолданылады.
(9) Қатыгез емес
Бағушы қалаған нәрсесін күш көрсетіп алмауы қажет. Ол жамандыққа жамандықпен қайтармауы керек. (Сондай-ақ Тімотеге 2-хат 2:24—25 қараңыз.)
► Бағушы ашуын дұрыс түрде қалай көрсете алады?
(10) Ашкөз емес
Бұл дүниенің адамдары пайда табу үшін айтқанын қалай болса да өзгертуге дайын. Заңгерлер, сатушылар немесе саясаткерлер сияқты белгілі бір кәсіптегі адамдар басқа адамдарға ұнау үшін шындықты өзгертуге тырысады. Бағушы да азғырылады, өйткені Құдай Сөзіндегі шындық бәріне ұнай бермейді. Бағушы оған қаржылық жағынан пайдасы бар ма, жоқ па, әрқашан шындыққа адал болуы керек.
Бағушы қауымдағы қызметтің қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы алаңдауы керек. Ол қауымның мүшелерінен қандай пайда табатынын ойланбай, қауымды бір-біріне қамқорлық көрсете алатын отбасы мүшелері сияқты жетелеуі қажет.
(11) Отбасына жақсы басшылық жасайтын
Бағушы көшбасшылық қабілетін үйде көрсету керек. Ол балаларын бақылауда ұстауы қажет. Егер ол өз үйін басқара алмаса, ол қауымды да басқара алмайды. Бұл оның балаларының мінсіз мінезді болуы керек дегенді білдірмейді, бірақ бағушы балалары қателік жіберген кезде, оларды түзетіп, дұрыс жолға салып отыруы керек. Бұл есейген балаларға қатысты емес, өйткені олар өз істеріне өздері жауап береді.
(12) Жаңадан сенуші болған адам емес
Егер адамды мұндай қызметке тым тез тағайындаса, ол мақтаншақ болып, азғырылып кетуі мүмкін. Менмендік – шайтанның құлауына себеп болған күнә. Мұндай қызметке уақыт өте, тәжірибе жинай отырып тағайындайды.
► Егер адамды мұндай қызметке тез тағайындаса және ол бұл қызметті атқара алмаса, қандай зиян келуі мүмкін?
(13) Жақсы беделге ие
Адам бағушы болып тағайындалмас бұрын, ол қауымнан тыс адамдар арасында жақсы беделге ие болуы керек. Олар оның барлық істерінде адал және сенімді екенін білуі қажет. Егер ол сенуші болмай тұрғанда жаман беделге ие болса, ол бағушы болмай тұрып сол нәрсені жөндеп, жақсы беделге ие болу қажет.
Африкадағы бір бағушы жексенбі күні таңғы уағызын айтып, үйіне қайту үшін автобусқа отырды. Жол ақысын төлегеннен кейін ол кондуктордың артық ақша қайтарғанын байқады. Ол адал адам болғандықтан: «Кешіріңіз, сіз маған байқамай артық ақша беріп жібердіңіз» деп артық ақшаны кондукторға берді. Кондуктор: «Жоқ, мен мұны әдейі істедім. Мен қауымның сыртында тұрып, сіздің адалдық туралы уағызыңызды тыңдаған едім. Мен сіз өзіңіз үйретіп жатқан нәрсеге сай өмір сүресіз ба соны тексерейін деп осылай істедім!» Киелі кітапта ізгі атақтың байлықтан да зор екені айтылған (Нақыл сөздер 22:1). Демек, ең үлкен кедейлік – күмәнді атақ. Сіздің атыңыз аталғанда басқалардың ойына не келеді?
► Студет топқа Титке 1:5-11 үзіндісін оқып шықсын.
Титте көрсетілген бағушыға қойылатын талаптардың көпшілігі Тімотеге арналған 1-хаттың үзіндісінде де келтірілген.
► Титтегі үзіндіде қосымша қандай қасиеттер туралы айтылған?
Бұл үзінді бағушының жалған ілімге тойтарыс бере алу қабілетіне баса назар аударады. Бағушы шынайы ілімді жақсы біліп, басқаларға сол ілімді түсінікті етіп жеткізе алуы қажет. Ондағы мақсат-жалған ілімді ұстанатындарды түзетіп, тура жолға салу, бірақ одан да маңыздысы-қауымды жалған ілімнен сақтау. Бұл жағынан көп білімі жоқ бағушы үнемі оқу арқылы білімін толықтыруы керек.
“Маған күнә жасаудан басқа ешнәрседен қорықпайтын, Құдайдан басқа ешнәрсені қаламайтын жүз уағыздаушыны көрсетіңіз. Олар тозақтың есіктерін шайқайды және жерде Аспан патшалығын орнатады”
- Джон Уэсли
Диакондардың қасиеттері
► Студент топқа Елшілердің істері 6:1-6 үзіндісін оқып шықсын. Бұл үзіндіде қандай мәселе туралы айтылады?
Алғашқы диакондар алғашқы өнім мейрамынан кейін көп ұзамай тағайындалды. Елшілер дұға мен уағызға көп көңіл бөлетін, сондықтан қауымның басқа істерін атқаруға көмектесу үшін жеті адам тағайындалды.
Диакон қауымдағы басқа қызметтерде көмектеседі. Диакон уағыздаушы да бола алады, бірақ бұл міндетті емес.
► Алғашқы диакондарда қандай қасиеттер болды?
Алғашқы диакондардың қасиеттері: адал, Киелі Рухқа толған және дана. Олар қауымдағы ақшаны басқаратын, сондықтан олар адал болуы қажет болды. Олардың қызметі қауымға рухани жағынан әсер етті, сондықтан олар Киелі Рухқа кенелген және Оның басшылығында қызмет ету керек еді. Олар көптеген қиын жағдайларды шешті, сондықтан дана болу маңызды болды.
Елші Пауыл диакондарда болу керек кейбір қасиеттерді атап өтті.
► Студент топқа Тімотеге 1 хат 3:8-13 оқып шықсын.
(1) Құрметке ие
Диакон отбасында, достарының арасында және қоғамда құрметті адам болуы керек.
(2) Шыншыл
Диакон әрқашан шындықты айтуы қажет. Ол қауымдағы адамдар туралы және қауымдағы мәселелер туралы көптеген пікірлерді естиді, сондықтан ол шыншыл адам болуы керек.
(3) Ішімдікке құмар емес
Диакон ішімдікке құмар болмауы қажет. Оның жүріс-тұрысы дұрыс, әдепті болуы керек.
(4) Ашкөз емес
Диакон қауымдағы ақшаны басқаруға және қауымдағы адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жауапты болады. Ол өзіне пайда табуға тырысатын адам болмауы керек.
(5) Дұрыс ілімді таза ар-ұжданмен ұстану
Адам күнәға батқанда, ол жиі қате ілімге сене бастайды. Егер адамның рухани өмірі жақсы болса, ол жалған ілімге еріп кетпейді.
(6) Тәжірибелі
Адамды диакондыққа сайламас бұрын, оның қызметте дана және сенімді екенін көрсету мүмкіндігі болуы керек. Дана басшылар адамдарды қызметке тағайындамас бұрын, оларға қызмет ету мүмкіндігін береді.
► Адам қызметке тағайындалғанға дейін қауымдағы қызметке қалай ат салыса алатыны туралы қандай мысалдар бар?
(7) Адал жарымен
Егер әйелі өсек айтатын болса және мәсіхші ретінде жақсы үлгі көрсетпесе, бұл нәрсе диаконның қызметіне зиян келтіруі мүмкін.
(8) Өз отбасын жақсы басқаратын
Бағушы сияқты, диакон да өз отбасын жақсы басқара алуы қажет.
Жақсы жетекшілік ететін бағушының қасиеттері
► Топ әр пункттің маңыздылығын «Бұл қасиет неліктен маңызды?» деген сұрақтан бастап талқылауы қажет.
1. Ол бір ұйымға адал.
2. Ол қызмет тобын құруға және басқа адамдардың қабілеттерін пайдалануға дайын.
3. Ол қауымның қажеттіліктерін ойлайды және қауымды бір-біріне қамқорлық көрсете алатын отбасы мүшелері сияқты жетелейді.
4. Ол өзіне пайда табу үшін емес, Құдайға және адамдарға деген сүйіспеншілікпен қызмет етеді.
5. Мадақтау, Ізгі хабар айту және рухани өсу сияқты рухани басымдықтар оның қызметінің басты мақсаты болып табылады.
6. Қауым оған сенім артады.
7. Ол қауымды өзіне тиесілі емес тұрақты мекеме ретінде құруға дайын.
8. Ол қауымды жетілуге жетелейді, ондықты салып тұруға және қажеттіліктерді қанағаттандыратын қарым-қатынасқа үйретеді.
9. Ол барлық нәрседе, соның ішінде ақша мәсәлесінде де адал.
10. Ол ақшаны және қызметкерлерді жақсы басқара алу қабілетін көрсетеді.
Жақсы жоба жетекшісінің қасиеттері
Қауымдағы жобаны басқаруға таңдалған адам осы қасиеттерге ие болуы керек. Қауым жетекшілері қауымның міндеттерін орындауға көмектесетін және жетекшілер тобына қосылатын қауым мүшелерінің осы қасиеттерін дамыту үшін жұмыс істеуі керек.
► Топ әр пункттің маңыздылығын «Бұл қасиет неліктен маңызды?» деген сұрақтан бастап талқылауы қажет.
1. Ол жергілікті қауымына адал, ол ондық салады, тұрақты түрде қатысады және сенуші ретінде жақсы беделге ие.
2. Ол қазірдің өзінде бар күші мен ынта-жігерін жергілікті қауымға салуда.
3. Ол адал және оның жоғары этика сезімі бар.
4. Ол қазірдің өзінде қолынан келгеннің бәрін жасауға тырысып жатыр.
5. Ол тәртіпті, ынталы және өзін үнемі жетілдіріп отырады.
6. Ол басқа біреудің нұсқауымен жұмыс істеу қабілетін ғана емес, сонымен қатар ұйымдастыру және басқаларды жетелей алу қабілетін көрсетеді.
7. Оның жобадағы рөлі үшін қажетті құзыреті бар
Студенттерге осы сабақтан өзінің мақсаттарын немесе әрекеттерін қалай өзгертуге болатынын бөлісуге мүмкіндік беріңіз.
Бес Қорытынды мәлімдеме
Құдай қауымның рухани жетекшілікте болғанын қалайды.
Қауымдағы міндеттер көптеген көшбасшылық рөлдерді қажет етеді.
Көшбасшыға қойылатын талаптардың көпшілігі жақсы мінезге қатысты.
Бағушы немесе басқа да жетекшілер жақсы қасиеттерді үнемі дамытып отыруы керек.
Қызметтегі жетекші сенімді, алға жылжуға ынтасы бар адам болуы қажет.
2-сабақтың тапсырмалары
1. Осы сабақтан өмірді өзгертуге көмектесетін тұжырымдаманы қорытындылап жазыңыз. Неліктен маңызды екенін түсіндіріңіз. Одан қандай пайда? Бұл нәрсені білмеуден қандай мәселе туындауы мүмкін бе?
2. Осы сабақтың қағидаларын өз өміріңізге қалай қолдануға болатынын түсіндіріңіз. Бұл сабақ сіздің мақсаттарыңызды қалай өзгертуде? Әрекеттеріңізді өзгертуді қалай жоспарлап жатырсыз?
3. 2-сабақтың бес қорытынды мәлімдемесін есте сақтаңыз. Келесі сабақтың басында оларды жазуға дайын болыңыз.
4. Келесі сабақтың алдында 1 Патшалықтар 2:12—36 оқып шығыңыз. Елидің басшылығына қатысты бақылауларыңызды жазыңыз.
SGC exists to equip rising Christian leaders around the world by providing free, high-quality theological resources. We gladly grant permission for you to print and distribute our courses under these simple guidelines:
No Changes – Course content must not be altered in any way.
No Profit Sales – Printed copies may not be sold for profit.
Free Use for Ministry – Churches, schools, and other training ministries may freely print and distribute copies—even if they charge tuition.
No Unauthorized Translations – Please contact us before translating any course into another language.
All materials remain the copyrighted property of Shepherds Global Classroom. We simply ask that you honor the integrity of the content and mission.