Қауымның ілімдері мен тәжірибелері
Қауымның ілімдері мен тәжірибелері
Audio Course Purchase

Search Course

Type at least 3 characters to search

Search through all lessons and sections in this course

Searching...

No results found

No matches for ""

Try different keywords or check your spelling

results found

Lesson 13: Мәсіхші жетекшінің мінез-құлқы

1 min read

by Stephen Gibson


Мәсіхшілік жетекшіліктің қиындығы

Бұл сабақта қарастыратын Жазба үзінділері бағушыларға, қауым қызметшілеріне және басқа қауым жетекшілеріне қатысты. Сабақты, шағын топты немесе мадақтауды жүргізетін әрбір адам – ​​жетекші. Бұл адамдарды қауым мақұлдауы керек, сондықтан олар мәсіхшілік мінез-құлықтың жақсы үлгісі болуы керек.

Жетекшінің мінезі оның табиғи қабілеттерінен маңызды. Құдай мәсіхші жетекшінің қызметіне байланысты қажетті қабілеттер береді.

► Студенттердің біріне дауыстап Тімотеге 1-хат 3:1-7 оқуды ұсыныңыз.

Егер адамның ниеті дұрыс болса, бағушы болғысы келетін адамның еш айыбы жоқ. Егер ол абырой, билік немесе ақша табуды көздесе, онда оның бағушылық жүрегі жоқ; ол адамдарға қызмет етуді қалауы керек.

Бізде бағушы мен қауым қызметшілердің қасиеттері туралы айтатын Жазбаның екі үзіндісі бар. Оларды елші Пауыл Тімоте мен Титке жазған. Тімоте – Ефестегі қауымды, Тит – Криттегі қауымдарды басқарды. Олар жергілікті қауымдарға бағушыларды тағайындады.

Қауымның бірінші буынында бағушы болудың нені білдіргенін елестетіп көріңізші! Сол кездегі бағушының академиялық білімі де, қызметке арналған дайындық кітаптары да, басқа бағушылардың тәжірибесінен үйренуге мүмкіндігі де болмады. Оның қауымның пайда болуының жаңашылдығына байланысты оның тарихын қадағалауға мүмкіндігі болмады; Жаңа Келісімнің көптеген кітаптары ол кезде әлі жазылмаған.

Пауыл Тімотеге қауымының құрметіне қалай ие болу керектігін үйретті. Ол одан сөзінде, мінез-құлқында, сүйіспеншілігінде, рухында, сенімінде және пәктігілігінде үлгі болуды өтінді (Тімотеге 1-хат 4:12). Бағушы адамдардан құрметті талап ету арқылы құрметтке ие болмайды.

► Бағушы құрметке қалай ие бола алады?

Елші Тімоте мен Титке бағушының қасиеттері туралы айтты. Олардың көпшілігі ерекше қабілеттерден гөрі мәсіхшілік мінез-құлық пен жетілуге ​​қатысты. Сондықтан әрбір мәсіхші осы қасиеттерді дамытуы керек.