Топ жетекшісіне ескерту: Алдыңғы сабақтың соңында берілген тестті өткізіңіз. Студенттер жауаптарды ешбір материалға қарамай, бір-бірімен сөйлеспей жазуы керек.
Біз қажетті білім алу мен қызметтегі әдістерді үйрену үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанда, қызметте өзіміздің адами қабілетімізге сүйену қаупі бар. Бірақ, елші Пауыл айтқандай: «Бұл қызметке өзіміз қабілеттіміз деп ойлайтындай еш негізіміз жоқ. Біздегі бар қабілеттілік өзімізден емес, Құдайдан».[1]
Пауыл уағыз айтқанда адамды сендірерліктей данышпан пікірлерге емес, Құдайдың Рухы мен құдіретінің айқын көрінуіне сүйенгендігін айтты. Өйткені ол адамдардың сенімінің негізі адамның даналығы емес, Құдайдың құдіреті болғанын қалады.[2] Пауыл білімді болды, бірақ ол оның білімі мен дағдылары рухани нәтиже береді деп күтпеген еді.
Салоникалықтарға жазған хатында Пауыл былай деді: “Біз сендерге Ізгі хабарды сөзбен ғана емес, құдіретпен, Киелі Рухпен және зор сеніммен де жеткіздік.”[3] Олар Құдайдың құдіретінің арқасында Ізгі хабарға сенді.
Иса елшілеріне Киелі Рух осы дүниенің күнәсінің, Оның әділдігінің және Құдайдың сотының қандай екендігін адамдардың көздерін жеткізетіндігін уәде етті.[4] Иса Әкесі жақындатып тартса ғана, адамдар Оған келе алатынын айтты.[5]
► Біз Ізгі хабарды және оның әдістерін үйренуге қалай қарауымыз керек?
Біз Құдайдың шындығын жеткізуге шақырылғанбыз. Бізді адамдар түсіну үшін біз мүмкіндігінше жақсы сөйлеуіміз керек.
Біз Киелі Рухқа тәуелді болғандықтан, бізге қабілеттерімізді дамытудың қажеті жоқ деп ойламауымыз керек.
Пауыл адамдарды шындыққа сендіруге ұмтылатынын айтты.[1] Ол Тімотеге Құдайдың шындығын дұрыс жеткізе алуы үшін оқудың, үйренудің маңыздылығы туралы жазды.[2] Қызметшінің маңызды дағдыларының бірі – тәлім беру қабілеті.[3]
Аполлос өте мықты Ізгі хабар таратушы болды. Ол Киелі жазбалардан молынан хабардар, сөзге шебер, парасатты кісі болатын.[4] Оның қабілеттері мен рухани дарындары оны мықты Ізгі Хабар таратушы қылды.
Елші Петір бізге ұстанған сенімімізді түсіндіруді сұраған кез келген адамға жауап беруге әрдайым даяр болу керектігімізді айтады.[5]
Бұл жазбалар біз Құдайдың мақсаттарына бағышталған болсақ, Ол біздің табиғи қабілеттерімізді жарылқап, оларды пайдаланатынын айтады. Ол бізді өз күшіміз бен қабілетімізді оның жұмысына арнауға шақырады.
Елшілердің істері 1:4-5-те Иса шәкірттеріне «Әке уәде еткен» деп атаған Киелі Рухпен шомылдыруды күтуді бұйырды. Осы арқылы олар кейінірек жердің шетіне дейін Оған куә болды.[1]
Шәкірттер әлдеқашан құтқарылған болса да, олар Исаның тікелей басшылығынсыз қызметке кіріспес бұрын, ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек еді. Ең ұлы Ұстаздың үш жыл үйреткені де оларды толық дайындай алмады, өйткені олардың ішкі мәселесі қалды. Олар Құдай жоспарлағандай, Киелі Рухтың күші мен басшылығында әрекет ету үшін олардың жүректеріндегі осы мәселені Киелі Рухтың күші арқылы шешуі керек болды.
[2]Бұл мәселе үш жыл оқу барысында әртүрлі жағдайларда көрінді. Кейде шәкірттер көктен от түсіріп, өздерінен бас тартқан адамдарды жойғысы келді.[3] Бірде олар қызмет етіп жүрген адамға тыйым салды, өйткені ол адам оларға еріп жүрмеген еді.[4] Олар өзімшіл және менмен болды, екі шәкірті жоғары лауазымды қалап, қалған шәкірттерінің ашуын шығарды.[5]
Бірде олар қайсымыздың жолымыз ең үлкен деп дауласқан болатын.[6] Иса олардың не туралы сөйлескенін сұрағанда, олардың ұялғаны олардың ниеттері дұрыс емес екенін түсінгендерін көрсетеді.
Соңғы кешкі ас кезінде Иса шәкірттерінің аяқтарын жуып, олардың бір-біріне қарым-қатынасы қандай болу керектігін көрсетті.[7] Оларда әлі мұндай кішіпейілділік болған жоқ, олар сол күні кешке бір-біріне қызмет етуден бас тартты. Мәселе білімнің жетіспеушілігінде емес, олардың өркөкіректігінде еді.
Мәсіх шәкірттерінің арасында бір-бірлері үшін жанын қиюға дайын болатындай сүйіспеншілік болуы керектігін айтты.[8] Олар өздерінде осындай сүйіспеншілік бар деп ойлады, бірақ бұл олай емес еді. Шәкірттер Исамен бірге өлуге дайынбыз десе де, Исаны тұтқындаған кезде олар қашып кетті.[9]
Бұлар Мәсіхтің физикалық қатысуынсыз қауымды басқаруға және кеңейтуге жауапты адамдар болатын. Иса олардың бұл қызметке дайын емес екенін білді, сондықтан оларға «Әкенің уәдесін» алғанша Иерусалимде күтуді бұйырды.[10] Бұл уәде Киелі Рухпен шомылдырылумен бірдей. Мұнсыз олар қауымдар құрып, оларды кеңейтуге кіріспеуі керек еді.
Иса оларға көп нәрсе үйрену немесе біраз өсу керектігін айтқан жоқ. Олар Иерусалимде рухани дағдарыстың / шарықтау шегінің болуын күтуі керек еді.
Алғашқы өнім мейрамындағы жағдай Киелі Рухқа кенелу ретінде сипатталады.[11] Бұл оқиғада көп нәрсе болғанымен, кейінірек Петір Киелі Рухтың негізгі жұмысы олардың жүректерін тазарту екенін көрсетті.[12] Шәкірттері осыған мұқтаж еді. Олардың ішкі қажеттіліктері жүректеріндегі проблемадан, азғындықтан тазартылуы керек екенін көрсетті. Бұл тазарту Киелі Рухпен шомылдырылу арқылы (немесе кенелу) болған кезде, олар енді өздерінің қауіпсіздігін немесе [13]лауазымдарын ойламайды.
Алғашқы өнім мейрамындағы оқиға қауымға күшті Ізгі хабар дәуірін бастауға көмектесті. Қауым доктриналық келіспеушіліктерге, иудаисттік адасушылықтарға, ішкі наразылықтарға, екіжүзділерге, жаман рухтардың қарсылығына, қуғын-сүргінге және қиындықтарға қарамастан қуанышпен және жеңіспен өсе берді.
Шәкірттерде болған мәселе сенушілерде де болуы мүмкін. Бұл Киелі Рухқа кенелу арқылы шешіледі.
Бұл мынаны білдірмейді:
Киелі Рухқа кенелмейінше сенушіде Киелі Рух болмайды.
Киелі Рухқа кенелмейінше Киелі Рух сенуші арқылы жұмыс істемейді.
Жүректі тазартатыннан басқа Киелі Рухқа кенелудің ешқандай түрі жоқ.
Киелі Рухқа кенелген әркім елшілік қызметтті атқаратын болады.
Біздің тәжірибеміз шәкірттердің тәжірибесі сияқты болады деп ойламауымыз керек. Дегенмен, жүректі тазарту және қызметтті атқаруға күш алу қажеттілігі біз үшін әлі де маңызды.
Шәкірттердің мысалынан мынаны көреміз:
Егер адамда мұндай мұқтаждық болса, ол қызметке немесе қасиетті өмір сүруге әлі толық дайын емес.
Құдай адамды мұндай күйде қалдырғысы келмейді.
Мұның шешімі оқу/үйрену немесе рухани өсу емес.
Мұның шешімін дұрыс іздесек, оны бір сәтте шешуге болады.
Сенуші қалай Киелі Рухқа кенеле алады?
Петір сенім арқылы кенелгенін айтты.[14] Иса шәкірттеріне уәде беріп, үміт туғызу арқылы осы сенімге дайындады.
Сондықтан, егер адам мұқтаждығын біліп, Құдайдың оны қанағаттандыруға дайын екенін көрсе, ол сенім арқылы бұл рақымға ие болады.
[2]“Жаратқан Ие шәкірттеріне тапсырған ұлы аманат адамның күші жетпейтін нәрсе болды. Сондықтан Ол адамдарға мәңгілік қайнар көзі – Киелі Рухты берді, Ол әлемді күнәсі үшін әшкерелеп, айыптауға тиіс. Ол мұны шәкірттерге зор күш беру арқылы бірге жасады.”
- А.Б. Симпсон, Missionary Messages
SGC exists to equip rising Christian leaders around the world by providing free, high-quality theological resources. We gladly grant permission for you to print and distribute our courses under these simple guidelines:
No Changes – Course content must not be altered in any way.
No Profit Sales – Printed copies may not be sold for profit.
Free Use for Ministry – Churches, schools, and other training ministries may freely print and distribute copies—even if they charge tuition.
No Unauthorized Translations – Please contact us before translating any course into another language.
All materials remain the copyrighted property of Shepherds Global Classroom. We simply ask that you honor the integrity of the content and mission.