Топ жетекшісіне ескерту:Әрбір пунктты зерттей отырып, бір студенттен алдымен Жазбаны оқып, сосын оның түсіндірмесін сұраңыз. Топқа әр сұрақты қысқаша талқылауға рұқсат етіңіз.
Келесі пункттар Ізгі хабардың маңызды пункттары болып табылады. Адам оларды толық түсінбесе де, құтқарыла алады. Алайда, осы пункттардың кез келгенін жоққа шығару Ізгі хабарды оның негізінен айырады. Осы негіздердің кез келгенін жоққа шығаратын адам немесе ұйым жалған құтқарылу құралына сүйене отырып, басқа Ізгі хабар таратуға бейім болады.
Сіз біреуге Ізгі хабар айтқан кезде, кейбір нәрселер адамның өзі сенетін қателіктеріне байланысты ерекше маңызды болады. Мысалы, егер ол құтқарылу белгілі бір қауым арқылы ғана мүмкін болады деп есептесе, құтқарылу талаптарының бірі сол қауымға мүше болу деп есептейді. Ол адамның жеке өзі кешірім алатынын және Құдаймен тікелей қарым-қатынасқа түсетінін білуі керек.
(1) Құдай адамзатты Онымен қарым-қатынаста болу үшін Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп жаратты (Жаратылыстың баст. 1:27, Елшілердің істері 17:24-28).
Бұл шындық біздің өмір сүруіміздің және құтқаруымыздың мақсатын көрсетеді. Бұл шындық Құдайды тұлға деп қабылдамайтын діндерге қайшы келеді. Бұл шындық дүниенің шынайы мәселесін көрсетеді: адамдар Құдаймен қарым-қатынаста емес.
► Адам Құдайдың оны жақсы көретініне сенбесе, не болады?
(2) Алғашқы адамдар күнә жасап, Құдайдан алыстады (Жаратылыстың баст. 3:3-6).
Бұл күнәнің шығу тегі мен дүниедегі жағдайдың шынайы себебін көрсетеді. Дүние - күнәнің кесірінен азап пен қайғының мекені. Құдайдың жоспары бойынша дүниеде әлі де қуаныш пен мағына бар, бірақ дүние Құдай жоспарлағандай емес.
► Егер адам «күнә - дүниенің шынайы мәселесі» екеніне сенбесе, не болады?
(3) Әрқайсымыз Құдаймен қарым-қатынастан тыс туылып, Құдайға қарсы күнә жасадық (Римдіктерге 3:10, 23).
Әрбір адам Құдайға қарсы саналы түрде күнә жасайды. Күнә жасамаған бірде-бір адам жоқ.
► Егер адам өз әрекеттерін ақтай аламын деп ойласа, не болады?
(4) Құдаймен татуласпаған әрбір күнәкар сотталады және мәңгілік жазаға кесіледі (Еврейлерге 9:27, Римдіктерге 14:12, Аян 20:12).
Бұл күнәкарға құтқарылудың маңыздылығы мен жеделдігін көрсетеді.
► Егер адам оның күнәлары үшін ашуланып тұрған әділ Құдайдың бар екеніне сенбесе, не болады?
(5) Адам Құдайға қарсы жасаған күнәларының құнын өтеу үшін ештеңе істей алмайды (Римдіктерге 3:20, Ефестіктерге 2:4-9).
Жақсы істер мен сыйлар күнәнің құнын өтей алмайды, өйткені күнә шексіз Құдайға қарсы бағытталған. Біз оған не ұсынсақ та, бәрі оған тиесілі.
► Егер адам кешірімге лайық болу керекпін деп есептесе, не болады?
(6) Кешірім үшін негіз болуы керек, өйткені күнә тым ауыр, ал Құдай әділ (Римдіктерге 3:25-26).
Құдай күнәні өтеусіз кешіргенде, күнә маңызды емес, ал Құдай әділетсіз болып көрінетін еді.
► Мәсіхтің өлімі не үшін қажет болды?
(7) Құдай Ұлы, Иса күнәсіз өмір сүрді және күнәларымыздың кешірілуі үшін құрбандық ретінде өлді (Жохан 3:16, Римдіктерге 5:8-9).
Иса Құдайдың Ұлы болғандықтан, Оның құрбандығы шексіз құндылыққа ие және дүниедегі кез келген адамның кешірілуіне негіз болады. Егер Ол жай ғана адам болса, Оның құрбандығының құндылығы шектеулі болар еді. Исаның қаны Оның біз үшін берілген өмірін білдіреді. Оның қанынсыз құтқарылу болмас еді.[1] Егер Ол Құдай болмаса, Ол бізді толықтай құтқара алмас еді және біз құтқарудың басқа жолын үмітсіз іздейтін едік.
► Неліктен кейбір діндер адамдар істер арқылы құтқарылуы керек деп ойлайды?
(8) Иса өлімнен қайта тіріліп, өзінің Құдай Ұлы екенін дәлелдеді және мәңгілік өмір беретін құдіретін көрсетті (Жохан 20:24-28, Аян 1:18).
Исаның қайта тірілгенін жоққа шығаратын культтер әдетте оның құдайлығын және құтқарылу үшін құрбандығының жеткіліктілігін жоққа шығарады. Содан кейін олар құтқарудың басқа құралын ойлап табады.
► Исаның өліп тірілгені арқылы біз нені білеміз?
(9) Барлық күнәлардың кешірілуі үшін Исаның құрбандығы жеткілікті (1 Жохан 1:9, 1 Жохан 2:2).
Егер адам бұл шындықты жоққа шығарса, ол істер арқылы құтқарыламын дейтін Ізгі хабарға сенеді. Көптеген діндер адамның өз құтқарылуын қалай ішінара алуға болатыны туралы хабарға сенеді. Бұл діни ұйымдарға адамдарды құтқару үшін оларға не істеу керектігін айтып, оларды бақылауға мүмкіндік береді.
► Неліктен кейбір адамдар өздерінің діндерінен тыс құтқарыла алмаймыз деп ойлайды?
(10) Өзінің күнәкар екенін мойындап, күнәсіне өкінген және Құдайдың уәдесіне сенген әрбір адамды Құдай кешіреді. (Марқа 1:15, 1 Жохан 1:9).
Ешқандай ұйымның құтқаруға қосымша талаптар қоюына немесе құтқарудың басқа әдісін ұсынуға құқығы жоқ.
► Қандай негізде адамның құтқарылғанына сенуге құқығы бар?
(11) Тәубе ету адамның күнәлары үшін өкінетінін және күнәларын тастағысы келетінін білдіреді (Ишая 55:7; Езекиел 18:30; Езекиел 33:9-16; Матай 3:8).
Тәубе ету адам Жаратқан Ие кешіргенге дейін өз өмірін кемелді ету керек дегенді білдірмейді. Күнәкарды күнәларының күшінен тек Құдай ғана құтқара алады. Тәубе адамның жасаған күнәлары үшін өкініп, олардан бас тартуға дайын екендігін білдіреді. Егер адам күнәларын тастағысы келмесе, онда ол құтқарыла алмайды. Егер адам әлі де әдейі күнә жасап жүрсе, ол құтқарылмайды.
► Тәубе ету не үшін қажет?
(12) Күнәсына өкінген, сенімге келген күнәкар Құдайға дұға еткенде және Құдайдан кешірім сұрағанда кешірім алады (Римдіктерге 10:13, Елшілердің істері 2:21).
Исаның арқасында әрбір адам Құдайдың рақымына ие бола алады. Адамға Құдайдың кешіріміне ие болу үшін ешқандай ұйым не адам қажет емес. Адам құтқарылуды жеке қабылдап, Құдаймен тікелей қарым-қатынасқа түседі.
► Адамның бір сәтте мәсіхші бола алатынын қайдан білеміз?
(1) Осы пункттардың бірі не екеуі сенімге келген кезіңізде сіз үшін қаншалықты маңызды болғанын бірнеше абзацта сипаттап беріңіз.
(2) Зерттеу үшін культті немесе басқа дінді таңдаңыз. 2-3 бетте олардың Ізгі хабардың кейбір маңызды ойларын қалай жоққа шығаратынын түсіндіріңіз. Олар уағыздайтын жалған Ізгі хабарды сипаттап, оның дұрыс емес ілімдерге негізделгенін көрсетіңіз. Оларға ақиқатты Киелі кітаптағы дәлелдер арқылы қалай беретініңізді түсіндіріңіз.
SGC exists to equip rising Christian leaders around the world by providing free, high-quality theological resources. We gladly grant permission for you to print and distribute our courses under these simple guidelines:
No Changes – Course content must not be altered in any way.
No Profit Sales – Printed copies may not be sold for profit.
Free Use for Ministry – Churches, schools, and other training ministries may freely print and distribute copies—even if they charge tuition.
No Unauthorized Translations – Please contact us before translating any course into another language.
All materials remain the copyrighted property of Shepherds Global Classroom. We simply ask that you honor the integrity of the content and mission.