Ізгі Хабар Тарату Және Шәкірттік
Ізгі Хабар Тарату Және Шәкірттік

Search Course

Type at least 3 characters to search

Search through all lessons and sections in this course

Searching...

No results found

No matches for ""

Try different keywords or check your spelling

results found

Lesson 3: Ізгі Хабардың жеделдігі

1 min read

by Stephen Gibson


Кіріспе

► Адам Ізгі хабарды естімей құтқарыла ала ма? Ізгі Хабарды тарату қажет пе?

Жазбада біз Исраилмен немесе қауыммен байланыста болмаған, бірақ Құдайдың рақымына ие болғандардың мысалдарын көреміз. Әйүп Мұса туылғанға дейін және Жазбаның бірінші беті жазылмай тұрып, әділ болды және зұлымдықтан аулақ жүрді. Балағам Құдаймен қарым-қатынаста болды және Құдайдан тікелей хабар алатын көріпкел ретінде танымал болды. Ыбырайым «бұл жердегілер Құдайдан қорықпайды» деп ойлағанымен, Әбумәлік Ыбырайымнан да әділетті іс жасады. Римдіктерге 1:21-32 үзіндісінде азғын басқа ұлттықтар туралы айтылады. Бұл олар Құдай туралы ешқашан білмегендіктен емес, бірақ олар білетін нәрселерден бас тартқандықтан болды.[1]

«Иеміз Өзін қастерлейтіндерге сырын Ашады және білдіреді Келісімін.».[2] Келісім - бұл Құдайдың рақымын көрсететін Құдайдың адаммен қарым-қатынасының шарттары. Егер адам Құдайды дәріптесе, Құдай оған Онымен қарым-қатынас орнатудың жолын көрсетеді.

Киелі кітапта Исадан басқа құтқара алатын ешқандай есім жоқ делінген.[3] Алайда, Көне өсиетте құтқарылған адамдар Исаның есімін білмеді. Олар Құдайдың құтқару мен кешірім беру туралы уәдесіне сенді және Құдай оны Иса арқылы берді. Сол сияқты, Исаның есімін әлі естімеген адамдар Құдайдың Иса арқылы құтқаратынына сене алады.

Сонымен, құтқара алатын басқа ешқандай есім жоқ деген нені білдіреді? Бұл құтқарудың балама құралы жоқ дегенді білдіреді. Адам басқа ешқандай жолмен құтқарыла алмайды. Сондай-ақ Иса туралы білетін адам Одан бас тартпауы керек, өйткені Одан бас тарту құтқарудан бас тартуды немесе құтқарудың басқа жолын іздеу дегенді білдіреді.

Иса: “Оның еркін орындағысы келген әркім, ілімді білетін болады”,— деді. Бұл уәде адам Құдайды шынайы іздесе, Құдай оған білуі керек нәрсені ашып көрсетеді дегенді білдіреді. «Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты».[4] Киелі Рух тіпті Иса туралы естімегендерге де Исаның нұрын әкеледі.

Көптеген адамдар мәсіхшілерден Ізгі хабарды естімес бұрын белгілер немесе басқа да ерекше аяндар арқылы Құдайдың жолына түсті. Мысалы, қазіргі уақытта көптеген мұсылмандар Құдайдан аян/хабар алғаннан кейін сенімге келіп жатыр.

► Ізгі хабарды түсінбей тұрып Құдайдан ерекше аян алған адам туралы естідіңіз бе?

Демек, біз адам Құдайды таба алатынын және тіпті мәсіхшілер арқылы Ізгі хабарды естімей-ақ құтқарыла алатынын көреміз. Алайда Киелі кітап Ізгі хабарды әрбір адам жедел тыңдауы керек хабар ретінде сипаттайды.

[5]Римдіктерге арналған хатта Ізгі хабардың жеделдігі сипатталады. Елші Ізгі хабар «адамдарды құтқаратын Құдайдың құдіреті»[6] екенін және Ізгі хабарды жариялау оның парызы[7] екенін айтты. Сондай-ақ елші Құдайдың кешіремін деген уәдесіне сену арқылы Оның алдында ақталғанымыз туралы шындықты растайды.[8]

Содан кейін Ізгі хабардың жеделдігі сезіледі. Пауыл былай дейді: «Олар Иемізге сенбесе, қалай Оған сиынады? Ол туралы естімесе, қалай сенеді? Оны ешкім уағыздамаса, қайдан естиді?».[9] «Сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін жариялаудан болады».[10] Құдай тыңдаушыларда сенім қалыптастыру үшін Ізгі хабарды пайдаланады. Ізгі хабарды уағыздау — Құдайдың күнәкарларды құтқару әдісі.

Егер оларды Ізгі хабарсыз құтқару мүмкін болса, Ізгі хабар неге соншалықты маңызды?


[1]Забур 19 және Римдіктер 10:18-ді де қараңыз.
[2]Забур 24:14
[3]Елшіл. істері 4:12
[4]Жохан 1:9
[5]“Солтүстіктің кең даласында, таңғы күн шапағында мен миссионерлер ешқашан болмаған мыңдаған ауылдардың түтінін көрдім. Бұл - Мәсіхсіз, Құдайсыз және үмітсіз өмір сүретін ауылдар,”
- Роберт Моффат
[6]Римдіктер 1:16
[7]Римдіктер 1:14
[8]Римдіктер 3:26, Римдіктер 5:1
[9]Римдіктер 10:14
[10]Римдіктер 10:17